Электр техниканың теориялық негіздері. Оқулық.


Ахметбаев Д.С.

Описание:

Оқулық, электр техниканың теориялық негіздері, студенттердің өздік жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған. Оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі электр тізбектерінің теориясының негізін қалаушы заңдылық- тарына арналған. Тұрақты ток тізбектерін есептеу жолдарының математикалық байланыстарына, оқушының назарын аударуға, ерекше көңіл бөлінген. Айны- малы ток тізбегінің физикалық заңдылықтарына байланысты құбылыстарды зерттеу жолдары қарастырылған. Үш фазалы тізбектердің симметриялы және әртүрлі асимметриялы режимдеріне көңіл бөлінген. Параметрлері жинақталған бірінші және екінші дәрежелі электр тізбектерінің өтпелі процестерін зерттеудің классикалық және операторлық әдістемелері берілген. Екінші бөлімінде күрделі тізбектер үшін матрицалық және топология- лық әдістемелер берілген. Тізбектің жалпылама параметрлерін бағытталған графтар теориясы арқылы анықтаудың негізін құрайтын токтың таралу коэффициенттерінің топологиялық қасиеттерін зерттеудің аналитикалық жолы көрсетілген және кедергілердің жүйелік функциялары анықталған. Оқулықтың үшінші бөлімі асинусоидалы, магнит тізбектері мен шала- өткізгіштік негізіндегі асызықты және параметрлері таралған электр тізбектері мен фильтрлер қарастырылған. Оқулықтың барлық бөлімдері бақылау сұрақ- тарымен, жаттығулармен және есептермен қамтамасыздандырылған. Оқулық «Электр техниканың теориялық негіздері» электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, сонымен қатар док- торанттар мен электротехникалық жобалармен айналысатын инженерлі-тех-никалық мамандар үшін де пайдалы.

Книги Электрическая техника и энергетика.

Читайте также новинки